ЖАСТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ «БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ» АТТЫ МҮШӘЙРА ЕРЕЖЕСІ ЖАСТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ «БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ» АТТЫ МҮШӘЙРА ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру мақсатында дайындалды және жастар жылына орайластырылған жас ақындар арасындағы «Біз жастарға сенеміз» және еркін тақырып байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Байқау).
1.2. Байқауға тапсырыс беруші: Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы.
1.3. Байқауды ұйымдастырушы: «Қазақстан жастарының конвенті» ЖҚ.
1.4. Байқау 2019 жылғы 29 тамыздан бастап 15 қыркүйек дейінгі аралықта өтінімдер қабылданады.

2. БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


• Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» мақалаларын, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы Нұр-Сұлтанмыздың жетістіктерін насихаттау.
• Туған қалаға ықылас пен махаббатты көтеру, қазақ халқының дәстүрлерін жан-жақты зерделеу арқылы жас дарындардың ақындық шеберлігін шынықтыру.
• Байқаудың басты тақырыптары елорданың жетістіктері мен даму келешегі және қаламыздың қалыптасу тарихы.
• Жас ақындардың шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау.
• Поэзия және оны дәріптеу арқылы халық мәдениетінің баға жетпес мұрасы ретінде өнерді жан-жақты насихаттау.
• Дарынды жастарды анықтау және олар үшін көпшілікке шеберлігін көрсетуге мүмкіндік жасау.
• Баға жетпес мәдени мұраны, отансүйгіштікті тәрбиелеуді, ұлттық сана-сезімді насихаттау дәрежесін арттыру, өнердің дәстүрлі түрлерінің бірі ретінде поэзия жанрын қолдау, аға буын мен жас ақындар арасындағы өзара байланыс.

3. БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ ЖӘНЕ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ


3.1. Байқауды даяралу және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы құрылады, оның құрамы Тапсырыс берушімен келісіледі.
3.2. Ұйымдастыру комитетінің функционалдық міндеттеріне:
• Байқаудың ақпараттық-әдістемелік құжаттамасын дайындау;
• Байқаудың қатысушылары мен құрметті қонақтарына Байқаудың ақпараттық құжаттамасын және шақыруларды тарату;
• бұқаралық ақпарат құралдары және Интернет желісі арқылы Байқау туралы ақпаратты даярлау және тарату;
• Байқауды өткізуге қатысуға демеушілер, меценаттар, еріктілер, волонтерлар тарту;
• Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
• Байқау қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру;
• Байқауды өткізу үшін концерттік үй-жайларды (алаңдарды) даярлау кіреді;
3.3. Қазылар алқасының функционалдық міндеттеріне:
Байқауға қатысуға өтінімдерді қарау;
Байқауға қатысуға қатысушыларды жіберу туралы шешім қабылдау;
қорытынды шығару және Байқау лауреаттарын анықтау, жүлделі орындарды бөлу кіреді.
3.4. Қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру:
• қазылар алқасының құрамына Парламент пен қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, мемлекеттік органдар өкілдері, танымал ақындар мен жазушылар кіреді. Байқау қатысушыларының педагогтары немесе продюсерлері, еңбек және (немесе) жақын туыстық қатынастағы тұлғалар қазылар алқасының мүшесі бола алмайды;
• қазылар алқасы қатысушыларды 10 балдық жүйе бойынша бағалайды;
• қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болады және қайта қарауға жатпайды;
қазылар алқасы қатысушыларға:
1 орын - 1 адамға;
2 орын - 2 адамға;
3 орын - 3 адамға;
және 4 «ҮЗДІК АҚЫН» номинациясын беруді анықтайды.
1,2,3 орындар мен 4 «ҮЗДІК АҚЫН» номинациясы иегерлері, сондай-ақ үздік жас ақындар үшін жүлде қоры – бағалы жүлделермен бірге дипломдар табысталады.
3.5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті Байқау қатысушыларының дербес деректерін өңдеу кезінде құпиялылықты сақтауға тиіс

6. БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

6.1. Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне өтінім және материалдарды ұсыну қажет. Байқау

«БІЗ ЖАСТАРҒА СЕНЕМІЗ»

және

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

. тақырыбында өтеді (өлең А4 форматындағы 2 беттен аспауға тиіс, Times New Roman, қаріп-14, аралық- бірлік. Беттер белгіленуі: үстінен - 2 см, астынан - 2 см, сол жақтан - 2,5 см, оң жақтан - 1,5 см.)
6.6. Қабылданған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар, егер байқау жұмыстары Байқау талаптарына сәйкес келмесе, оларды қабылдамауға құқылы, Байқауға қатысушылар өтінім ұсынылған күннен бастап төрт жұмыс күн ішінде ол туралы ауызша не жазбаша нысанда ақпараттандырылуға тиіс.

7. ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛАПТАР

7.1. Байқауды өткізу «Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында жүзеге асырылады.

8. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ


8.1. Қорытынды шығару 2019 жылдың қазан айы салтанатты концертте өтеді, онда Қазылар алқасының мүшелері байқау қатысушыларын марапаттайды. Байқау қорытындыларын шығару бойынша қазылар алқасының отырысы, егер оған қазылар алқасы мүшелерінің кем дегенде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі. Қазылар алқасының мүшесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
8.2. Байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен және «Нұр-Сұлтан қ. Қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма» ММ бағалы сыйлықтарымен марапатталады.