ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ «АСТАНАҒА ТАРТУ» БАЙҚАУЫНЫҢ  ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ


БАЙҚАУ КҮНДЕРІ:

2018 жылдың 24 қыркүйек – 14 қазан аралығы;
Гала концерт және салтанатты марапаттау:
2018 жылдың қазан айында;

 


ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» мақаласын, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау;
Туған қалаға ықылас пен махаббатты көтеру, қазақ халқының дәстүрлерін жан-жақты зерделеу арқылы жастардың ақындық шеберлігін шынықтыру;
жас ақындардың шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау.

 


ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Елорданың 20 жылдығына орайластырылған іс-шаралар кешенін өткізу;
Поэзия және оны дәріптеу арқылы халық мәдениетінің баға жетпес мұрасы ретінде өнерді жан-жақты насихаттау;
Дарынды жастарды анықтау және оларға шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасау;
Ұлттық мәдениет арқылы отансүйгіштік сезімді дамыту, қазақ тілінің ролін көтеру;
Баға жетпес мәдени мұраны, отансүйгіштікті тәрбиелеуді, ұлттық сана-сезімді насихаттау дәрежесін арттыру, өнердің дәстүрлі түрлерінің бірі ретінде поэзия жанрын қолдау.

 


БОЛЖАЛДЫ НӘТИЖЕЛЕР

Дарынды жастарды анықтау және олар үшін өз шеберлігін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік жасау;
Байқаудың басты тақырыптары елорданың жетістіктері мен даму келешегі және қаламыздың қалыптасу тарихы жайлы кеңінен бөлісу;
Жас ақындар арқылы достық пен бірлікті, саяси тұрақтылықты және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды насихаттау;
Ұлттық мәдениет арқылы патриоттық сезімді дамыту, қазақ тілінің рөлін арттыру.

 


ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ


Білікті қазылар алқасын құра отырып (қазылар алқасы құрамына Парламент пен қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, мемлекеттік органдар өкілдері, танымал ақындар мен жазушылар кіруге тиіс) жас ақындар (14-28 жас) арасында іріктеу турын өткізу;
Барлық қатысушылар арасынан 30 үздік жас ақынды анықтау;
Финал өткізу. 1-2-3 орындар иегерлерін және 4 «ҮЗДІК АҚЫНДЫ» анықтау;
30 үздік жас ақын туындыларын кітап ретінде басып шығару;
Іс-шараны ұйымдастыру және өткізу үшін концерттік бағдарлама ұйымдастыру;